
«ТІЛ — ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ»
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай Кентау көпсалалы колледжінің педагогика-психология пәнінің оқытушысы Тойшиева Айгүлдің ұйымдастыруымен «Тіл — татулық тірегі» тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кештің қонағы - жергілікті ақын, әуесқой сазгер, ардагер ұстаз Жұпаркүл Бекшораева. Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің өрнегі мол жырлары мен өнегелі өмір жолдары, жазған әндері мен кітаптары туралы колледждің ББМ-23-1 және ББМ-23у1 топтарының студенттері танысты. Өлең шумақтары оқылып, домбырамен әндер орындалды. Қызықты өткен әдеби кештің қонағы Жұпар Бекшораеваға болашақ ұстаздар сауалдарын қойып, жауап алды. Кездесу соңында қонаққа сый-сияпат жасалып, оқу орнына жиі келіп тұрыңыз деп ризашылық білдірді.
https://fb.watch/n0gb6LUCQZ/?mibextid=qC1gEa
#Оқуағартуминистрлігі
https://fb.watch/n0gb6LUCQZ/?mibextid=qC1gEa
#Оқуағартуминистрлігі